КГУ "Сырымбетская СШ"
Официальный интернет-ресурс

Республика күні!

Республика күні!
🇰🇿 Республика күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты танымдық іс-шара өтті 🇰🇿
Мектебімізде Республика күні қарсаңында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында бастауыш сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мәліметтермен танысып, олардың мағынасы мен тарихына шолу жасады.
Мұғалім оқушылармен бірге еліміздің рәміздеріне арналған бұрышта танымдық әңгіме жүргізіп, балалар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқушылар еліміздің рәміздерін құрметтеу мен сақтау – әр азаматтың парызы екенін ұғынды.
«Көк байрақ желбіресін көгімізде,
Елтаңба жарқырай бер жүрегімізде.
Әнұран шырқалсын ұлы дала төсінде —
Мәңгі жасай бер, Қазақстан елі!»
Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты және мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Записаться на прием