Бүгін мектебімізде көктемнің шуақты мерекелері қарсаңында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қыз балалардың бойындағы әдептілік, инабаттылық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Шебер ойлар» атты сайыс өткізілді.
Іс-шараға 5–6 сыныптың қыздары белсенді қатысып, өз өнерлері мен білімдерін бірнеше кезең бойынша сынға салды. Сайыс барысында қатысушылар өздерін таныстыру, өнер көрсету, шығармашылық тапсырмалар орындау, логикалық және танымдық сұрақтарға жауап беру сияқты кезеңдерден өтті. Қыздар өздерінің зеректігін, шеберлігін, тапқырлығын және сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті.
Сайысқа әділ бағасын беру үшін мектеп ұстаздарынан құралған қазылар алқасы бекітіліп, әр кезеңнің нәтижесі әділ әрі нақты критерийлер бойынша бағаланды.
Іс-шара барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйланып, қатысушыларға қолдау көрсетілді. Байқау соңында үздік өнер көрсеткен оқушылар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.





