23 наурыз – Тазару күніне орай мектебімізде «Снежный десант» акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында мектеп парламенті, еріктілер және жас педагогтер бірігіп, жалғызбасты қарттардың және зейнеткерлердің үйлерінің ауласын қардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұл игі іс тек тазалықты сақтауға ғана емес, көктемгі су тасқынының алдын алуға да бағытталды.Аға буынға көмек көрсету – біздің ортақ парызымыз. Осындай қайырымды істер арқылы біз қоғамда жанашырлық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырамыз.
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!





