КГУ "Сырымбетская СШ"
Официальный интернет-ресурс

2026 оқу жылының 05–16 ақпан аралығында мектебімізде «Позитивті мағыналар аумағы» атты психологиялық онкүндік өткізілуде.

2026 оқу жылының 05–16 ақпан аралығында мектебімізде «Позитивті мағыналар аумағы» атты психологиялық онкүндік өткізілуде.

2026 оқу жылының 05–16 ақпан аралығында мектебімізде «Позитивті мағыналар аумағы» атты психологиялық онкүндік өткізілуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыру, өмірлік құндылықтарды саналы қабылдауына ықпал ету және тұлғалық ресурстарын дамыту.

Онкүндік аясында 11 ақпан күні 5–7 сынып оқушыларымен топтық психологиялық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында психологиялық көмек көрсету арналары, сенім телефондары мен қолдау қызметтері туралы ақпарат беріліп, оқушыларға қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар «Диалог», «Сенім көпірі» сияқты рөлдік ойындар арқылы өз ойын еркін жеткізу, бірін-бірі тыңдау, қолдау көрсету дағдылары дамытылды.
Бұл жұмыстар «позитивті мағына» ұғымын нақты әрекет арқылы түсіндіруге бағытталды. Әрбір бала өзінің ішкі ресурсын сезініп, кез келген жағдайда қолдау бар екенін түсінуі – психологиялық қауіпсіз ортаның маңызды көрсеткіші.
Психологиялық онкүндік аясындағы шаралар алдағы күндері де жалғасады. Басты мақсат – мейірімді, сенімді және қолдаушы орта қалыптастыру.
Записаться на прием