КГУ "Сырымбетская СШ"
Официальный интернет-ресурс

2025–2026 оқу жылы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Суды үнемде — болашақты сақта!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Аталған тәрбие сағаты бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау дағдылары

2025–2026 оқу жылы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Суды үнемде — болашақты сақта!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Аталған тәрбие сағаты бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау дағдылары

2025–2026 оқу жылы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Суды үнемде — болашақты сақта!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Аталған тәрбие сағаты бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау дағдыларын дамытуға және су қорларын қорғаудың маңызын түсіндіруге бағытталды .

Сынып сағаты барысында оқушыларға судың адам өміріндегі, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы жан-жақты түсіндірілді. «Су неге соншалықты маңызды?» сұрағы төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар су – тіршіліктің негізгі көзі екендігін нақты мысалдар арқылы талдады . Сонымен қатар тұрмыста суды тиімді пайдалану жолдары қарастырылып, кранды уақытылы жабу, қысқа душ қабылдау, тіс тазалағанда стакан пайдалану, кір жуғыш машинаны толық толтырып қосу сияқты қарапайым, бірақ маңызды әрекеттер талқыланды .
Тәрбие сағатында Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Меңкесер көлі мен Теке көлі туралы мәлімет беріліп, олардың табиғи ерекшеліктері мен экожүйедегі рөлі түсіндірілді. Атап айтқанда, тұзды көлдердің маңызы, ондағы тіршілік иелері, құстардың тынығу орны ретіндегі қызметі және көл маңында өзін-өзі ұстау ережелері (қоқыс тастамау, өсімдіктерді сындырмау, құстарды қорқытпау, табиғатты ластамау) оқушыларға нақты ережелер арқылы жеткізілді.
Сабақ мазмұнында көлдер туралы аңыздар да айтылып, олардың ғылыми негізден айырмашылығы түсіндірілді. Бұл оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті .
Сынып сағаты соңында жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар берілді:
1–2 сынып оқушылары суды қалай үнемдейтінін сурет арқылы бейнелесе, 3–4 сынып оқушылары суды үнемдеудің 7 ережесін жазып, ата-аналарына түсіндіріп беру тапсырмасын алды .
Іс-шара нәтижесінде оқушылардың табиғатты қорғау туралы түсінігі кеңейіп, су ресурстарына жауапкершілікпен қарау мәдениеті қалыптасты. Сынып сағаты танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды түрде ұйымдастырылды.
Записаться на прием