КГУ "Сырымбетская СШ"
Официальный интернет-ресурс

20 наурыз күні Сырымбет селолық округінде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті. Бұл мереке – көктемнің келуі мен табиғаттың жаңаруын білдіретін, халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтатын ерекше күн.

Мерекелік іс-шараға Сырымбет ауылының тұрғындары, ақсақалдар, жастар және түрлі ұйым өкілдері белсене қатысты. Орталық алаңда арнайы киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттайтын көрмелер ұйымдастырылды. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының қонақжайлығы кеңінен көрсетілді.
Сонымен қатар, мереке аясында ұлттық спорт ойындары өткізілді. Атап айтқанда, қазақ күресі, арқан тарту, асық ату секілді ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өз бақтарын сынады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік бағдарламаның көркін қыздырған лотерея ойындары мен концерттік бағдарлама болды. Сахнада өнерпаздар ән шырқап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе, ұлттық киімдегі өнер көрсетулер мерекенің сәнін арттырды.
Аталған іс-шара ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты.
Записаться на прием