16 ақпан күні мектебімізде Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған салтанатты линейка өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға тарихи сананы қалыптастыру, отансүйгіштік рухты дәріптеу және интернационалдық борышын өтеген азаматтардың ерлігін ұлықтау болды.
Линейканы алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Рыспаев Б.М. және тарих пәнінің мұғалімі Абуталипова А.Н. ұйымдастырып, жүргізді. Шара барысында 1979–1989 жылдар аралығында болған Ауған соғысы туралы тарихи мәліметтер беріліп, қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен батылдығы атап өтілді.
Оқушыларға Ауған жерінде әскери борышын өтеген азаматтардың қайсарлығы мен ел алдындағы жауапкершілігі туралы тағылымды әңгіме айтылып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына бір минут үнсіздік жарияланды.





