
Сырымбет орта мектебінде — ұлттың ұлы тұлғасы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме!

Бүгін мектебімізде қазақ халқының ұлы ғалымы, ағартушысы, саяхатшы және этнограф Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты — жас ұрпаққа Шоқанның ғылымға, елге қызмет еткен өнегелі өмір жолын таныту, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар ғалымның зерттеу еңбектерімен, экспедициялық сапарларымен, этнографиялық жазбаларымен және суретшілік қырларымен танысты.

Шоқан Уәлиханов (1835–1865) — қазақтың тұңғыш ғалымы, шығыстанушы, фольклоршы, географ және тарихшы. Ол өз халқының мәдениеті мен тарихын ғылыми тұрғыда зерттеп, әлемге қазақ елін танытқан тұлға.
Шоқанның еңбектері — ұлттық ғылымның алтын қазынасы.

Сырымбет орта мектебі,
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған көрме.