КММ "Сырымбет орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

"Мектебім – мейірім мекені" атты салтанатты линейка өтті.

Previous Next

Білім күніне орай мектебімізде дәстүрлі "Мектебім – мейірім мекені" атты салтанатты линейка өтті. Бұл күн – оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар үшін ерекше қуанышты әрі толғанысты сәт.

Мерекелік жиында оқушылар мемлекеттік әнұранмен сап түзеп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Мектеп директоры Тулеуов М. Ф мен Сырымбет селолық огругінің әкімі Бекенов М. Ж жылы лебізін білдіріп, жаңа бастамалар мен жетістіктерге толы оқу жылы болуын тіледі.
Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып бүлдіршіндерінің жүрекжарды тақпақтары мен қуанышты жүздері көрермендердің көңілін толқытты.
11-сынып түлектері балғын шәкірттерге сәттілік тілеп, алғашқы қоңырау соғу мәртебесіне ие болды.
Бұл күн – білімге, мейірімге, болашаққа деген сеніммен бастау алған ұлы сапардың алғашқы күні. Жаңа оқу жылы барша білім алушыларға табысты болсын!
Записаться на прием