Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде ару ұстаздар мен қыздарға арналған көңілді үзіліс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – мектептегі нәзік жандыларға мерекелік көңіл күй сыйлап, олардың қоғамдағы және білім беру саласындағы ерекше орнын дәріптеу болды. Көңілді үзіліс барысында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен қатысты.





