8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектеп жанындағы интернатта тәрбиелік маңызы зор «Қыз қылығымен тәтті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара интернат тәрбиешілерінің бастамасымен өткізіліп, оған ауылымыздың қадірлі ақ жаулықты анасы Жанат әже арнайы қонақ ретінде қатысты.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – қыз балаларға ұлттық тәрбие беру, қазақ қыздарына тән әдептілік, инабаттылық, ізгілік сияқты қасиеттерді дәріптеу болды. Шара барысында Жанат әже өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қыз баланың тәрбиесі, үлкенді сыйлау, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу туралы тағылымды әңгімелер айтты.





