Үлкен қуанышпен бөліскім келеді!
8–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар республикалық конкурсының облыстық кезеңінде
Болатова Томирис
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды 
Бұл жетістік – ізденіс пен еңбектің, табандылық пен білімге деген құштарлықтың жемісі. Осындай биіктерді бағындыруға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі Болатова Айнұр Балатбекқызына ерекше алғыс білдіреміз 
Жаңа жыл қарсаңында қуанышымыз еселене түсті 

Жергілікті әкім арнайы келіп құттықтап, Томириске естелік ретінде Apple Watch және әдемі сөмке сыйға тартты 

Бұл – жас ұрпаққа көрсетілген үлкен сенім мен қамқорлықтың белгісі деп білеміз.
Болашағынан зор үміт күттіретін жас ғалымымызға алдағы уақытта да толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Жарайсың, Томирис! 






