КММ "Сырымбет орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

5-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жасыл шырша жанында»

Previous Next

26 желтоқсан күні 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жасыл шырша жанында» атты мерекелік кеш өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өтті. Оқушылар мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, думанды кешті дөңгелек үстел басында жалғастырды.

Балалар шыршаны айнала әсем ән шырқап, әдемі би билеп, түрлі ойындар ойнап, қызықты көріністерді сахналады. Кеш соңында балаларды тәтті сыйлықтармен қуантқан ауылымыздың ЖШС басшыларына Курмангожин Т. Н, Романов М. М, Абакумов А. Е, Бейсенбин Б. А, Бестаев Д. Ж. алғысымызды білдіреміз.
Записаться на прием