14 сәуір күні мектебімізде «Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және өнер мен шығармашылыққа баулу болды.
Кеш барысында оқушылар ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқып, көркемсөз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, әдеби кейіпкерлер бейнесін сомдап, шығармашылық жұмыстарын таныстырды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың белсенділігі мен өнерге деген қызығушылығы айқын байқалды.





